Индонезияда өлім жазасына кесілген филиппиндік әйел түрмеден босатылды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель в наручниках, человек в наручниках, преступник в наручниках, преступление , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 15:07 Фото: pexels
Индонезияда есірткі тасымалдағаны үшін өлім жазасына кесіліп, атыла жаздаған филиппиндік әйел түрмеден босатылды.

Мэри Велосо ауыр үкімге іліккендер камерасында 15 жылдай отырған.

Бүгін ол Манилаға ұшатын рейспен үйіне оралмақ.

Баспасөз маслихатында сөйлеген сөзінде Велосо екі ел президенттеріне алғыс айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Индонезия мен Филиппин үкіметі осы мәселе бойынша жылдар бойы келіссөз жүргізген.

Велосо екі баланың анасы, бұрын үй көмекшісі болып жұмыс істеген. Ол 2010 жылы 2,5 келі героинмен Джокья Карта қаласында тұтқындалды.

Айтуынша, білместікпен наркокурьер болып, қолға түсіп, істі болған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: