Нигериядағы мектеп жәрмеңкесінде 35 бала көз жұмды
Сурет: pixabay
Нигериядағы Ибадан қаласындағы мектеп жәрмеңкесінде 35 бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Punch дерегінше, қатысушылар іс-шара өтетін жерге басты қақпа арқылы жетуге асыққан. Жәрмеңке 5 мың балаға есептелген, дегенмен оған 7 мыңнан астам бала келді.
Оқиға бойынша Ойо штатының полициясы тергеуді бастады және іс-шараның негізгі ұйымдастырушыларын тұтқындады.
Нигерия президенті Бола Тинубу қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, штат үкіметін қоғамдық іс-шараларда қауіпсіздік шараларын қайта қарауға және күшейтуге шақырғаны нақтыланды.
Бұған дейін Индонезияда өлім жазасына кесілген филиппиндік әйелдің түрмеден босатылғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript