Түрік түрмелері тұтқындар саны бойынша көш бастап тұр
Фото: Zakon.kz
Түркиядағы түрмелер сыйымдылығынан 24%-ға асып, рекордты жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Gazete Davul дерегінше, ӘДП Үкіметі 18 жылда жазасын өтеп жатқандарға толы 396 аудандық түрмені жапқан. Осыған байланысты елде 2016 жылдан бастап жаңа ірі түрмелердің құрылысы жеделдетілді. Атап айтсақ, 2006 жылдан 2023 жылға дейін 228 186 адамға арналған 285 жаңа түрме ашылды.
"Осыған қарамастан, түрмелердің саны үнемі өсіп келеді", – делінген басылымда.
Қазір Түркиядағы темір тордың ар жағында 371 587 адам отыр, сондықтан 2025 жылы елде тағы да 20 жаңа түрменің құрылысы басталмақ.
🔴Türkiye’de cezaevleri kapasitelerini, yüzde 24 oranında aşarak rekor kırdı.
— Savaş Medya (@savasmedya) December 20, 2024
🔹Kapasitesi 299 bin olan cezaevlerinde, 371 bin 587 kişi olduğu ifade edilirken 2025 yılında 20 yeni cezaevinin inşaatı başlayacak. pic.twitter.com/AVVw7oUMh1
Бұған дейін Трамптың Панама каналына қатысты күтпеген мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript