Альпі тауларында қар астында қалып қойған венрлық туристтің денесі табылды
ABC News-тің дерегінше, құтқарушылар тобы шатқалдан өмір белгілері жоқ ер адамды тапқан.
Словениялық полиция тікұшағы құтқарушыларды оқиға орнына арқан арқылы түсірді. Осылайша, олар жоғалған адамды тапты. Туристтің денесі екі метр қардың астында қалған.
Ер адам серігімен бірге 22 желтоқсан күні, нашар ауа-райы кезінде тауда адасып кеткен. Оның қасындағы екінші саяхатшы 23 желтоқсан күні табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Алайда, құтқарушылар аяғы сынған ер адамды таба алмаған. Сондай-ақ, олар бірнеше күн бойы қатты желдің салдарынан аймақта тікұшақты ұшыра алмапты.
Словения альпинизммен және Альпі тауларымен танымал. Билік шетелдік қонақтарды сапарға шықпас бұрын үнемі мұқият дайындалуға және ауа-райы жағдайларына назар салуға шақырады.
Бұған дейін Индонезияда өлім жазасына кесілген филиппиндік әйелдің түрмеден босатылғаны хабарланған болатын.