Қытайда бірден екі адам өлім жазасына кесілді: олар 43 адамның өліміне себепкер

Зал суда, суд, молоток судьи, молоток, судейский молоток, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон  , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 15:51 Фото: pixabay
Қытайда 2025 жылдың 20 қаңтарында екі өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның бірі небәрі 21 жастағы студент Сю Цзяцзинь. 2024 жылдың 16 қарашасында ол Цзянсу провинциясының Исин қаласындағы Уси өнер және технологиялар кәсіптік колледжінде суық қарумен шабуыл ұйымдастырады. Сегіз адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Полицияның мәліметінше, қылмыскер 2024 жылы колледж түлегі болған және емтихандарын сәтсіз аяқтаған. Ол колледжді бітіргені туралы диплом алмағанына ашуланып шабуыл жасағанын мойындады және практика үшін ақы төлеуге наразылық білдірген.

Екінші өлім жазасына кесілген – Фан есімді 62 жастағы ер адам. 2024 жылдың 11 қарашасында ол Жухай қаласында жол талғамайтын көлікті басқарып, "Жухай стадионы" спорт орталығындағы жүгіру жолында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Нәтижесінде, 35 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, ол адамдарға жүгіру жолағы бойымен шабуыл жасаған.

Қытайдың Орталық теледидарының ақпаратынша, екеуі де 2024 жылдың желтоқсанында өлім жазасына кесілген.

Бұған дейін кепілден босатылған Израиль азаматтарының жақындарымен қауышқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: