Қытай мектептерінде оқушыға арналған жаңа жазалау ережерелі бекітілді

Пустой класс, пустые классы, школа, школьные кабинеты, школьный кабинет, школьный класс, школьные классы, дистанционное обучение, удаленная учеба, удаленка , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 10:48 Фото: Zakon.kz
Қытайдың оңтүстігіндегі жеке мектеп әкімшілігі оқушылардың ата-аналарынан балаларының алақанынан ұруға немесе бірнеше сағаттап тұрып тұру арқылы жазалау үшін жазбаша келісім алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post газеті дерегінше, мектеп оқушыларын келесі бұзушылықтары үшін осылай жазалайды: 

  • сабақта ұйықтау;
  • үй тапсырмасын орындамау;
  • жаман мінез.

Сондай-ақ ұлдарға ұзын шашпен жүруге, ал қыздарға ернін бояуға, маникюр жасауға немесе зергерлік бұйымдарды тағуға тыйым салынады. Мектеп 100 юаннан аспайтын киім мен 80 юаннан аспайтын аяқ киім киюді талап етеді. Бұл шамамен 6 мың теңге шегінде. Ережелер Білім Министрлігінің нормаларына сәйкес келеді деп бекітіледі.

Егер ата-аналар мұндай ережелерге келіспесе, онда олардың балалары басқа кампусқа ауыстырылады. Алайда, басылымның хабарлауынша, ата-аналардың көпшілігі мектеп басшылығының ұстанымын қолдады.

Бұған дейін Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау 2025 жылғы мамыр айында өтуі мүмкін екендігі хабарланған блолатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: