Туркия әуежайындағы дәретханада босанып, шақалағын сол жерге тастап кеткен ресейлікке қатаң үкім шығарылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 15:37 Фото: pixabay
Түркияда сот жаңа туған нәрестесін Анталия әуежайының дәретханасында қалдырып кеткен ресейлік Екатерина Бурнашкинаның үкімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости ақпаратынша, ол жақын туысын өлтіруге оқталғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

Түркияның отбасы істері министрлігі атынан баланы қорғаған заңгерлер Екатерина үшін максималды жазаны талап етті. Олардың пікірінше, ол мүгедектерге арналған дәретханаға әдейі кіріп, баланы тастап кетуді жоспарлаған. Ал, айыпталушы жаман ойы болмағанын, тек сол дәретхана ең жақын болғанын алға тартты.

Қыздың анасы болса өзі де, қызы да жүктілік жайлы білмедік дегеннен танбады. Енді ол Ресейге әуежай дәретханасына қалдырып кеткен немересімен бірге оралғысы келеді. Дегенмен, баланың тағдыры туралы мәселе бөлек шешіледі.

Еске салсақ, Екатерина 13 қазанда босанды. Ресейге ұшқан күні оның іші қатты ауырып, дәретханаға бірнеше рет барып, баланы сонда дүниеге әкелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: