Пәкістан мен Үндістан арасындағы қақтығыс жалғасуда

Пәкістан мен Үндістан арасындағы қақтығыс жалғасуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 16:58 Сурет: pixabay
Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдай ушығып барады. Өткен тәуліктегі қақтығыстардан ондаған адам қаза тапты. Қазір шекара маңындағы ауыл тұрғындары үдере көшіп жатыр.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдай әзірге шиеленісіп тұр. Бүгін таңертең Пәкістанның Лахор қаласындағы әуе базасының маңында үндістандық дрон атып түсірілді. Сонымен қатар, жергілікті GeoTV арнасы жарылыстың жаңғырығы естілгенін хабарлап отыр.

Үндістан Пәкістан мен пәкістандық Кашмирге сәрсенбіде зымыран шабуылын жасады. Одан қаза тапқандар саны 31-ге жетіп, 57-сі жараланған. Көп кешікпей Исламабад та көрші елге оқ жаудырды, деп жазады qazaqstan.tv.

Үндістанда 15 тұрғын мерт болған. Сонымен қатар Пәкістан үндістандық Кашмирде үнді армиясының бес ұшағын құлатқанын хабарлап отыр. Алайда Нью-Дели бұл ақпаратты растамады.

Екі жақ арасындағы шиеленістің ушығуына өткен айда үндістандық туристердің шабуылға ұшырап, қаза табуы себеп. Сол қантөгіс үшін Үндістан Пәкістанды айыптады. Ал қарсы жақ өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: