"Саусағын кесіп алып, тоңазытқышта сақтаған". Жігітін қинаған бойжеткен полиция назарына ілікті

Сақина, саусақ, кесіп алу, Жапония, бойжеткен, жігіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 21:43 Сурет: pixabay
Осака тумасы Саки Сато жігітінің өзгеге үйленбесі үшін сақина салатын саусағын кесіп алған. Құзырлы орган қазір бойжеткенге осындай айып тағуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post газетінің хабарлауынша, бойжеткен жігітке тұтқиылдан шабуылдап, басқа қызға үйленбесі үшін сақина салатын саусағын кесіп алып, оны тоңазытқышта сақтағанға ұқсайды. Бұл туралы жәбірленушінің өзі полицияға арызданған кезде белгілі болды.

Оқиға орнына келген полиция ер адамның бетінен жарақат іздерін анықтап, саусағының кесілгенін растады. Тергеу қос ғашықтың қарым-қатынасы әдеттегіден тым алыс екенін анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, Саки оны ұдайы қадағалап, банктік картасы мен телефонын иеленіп, оларды пайдалану үшін рұқсат беруін талап еткен. 2023 жылдың қыркүйегінде ол ер адамның емшегінің ұшын кесіп алған. "Қайта өсіп кетеді" деп оны жұбатқан.

Жәбірленушінің айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы қыздың сыртқы сұлулығына қызығып, оның айтқанына көніп жүре берген. Алайда уақыт өте келе ол бойжеткеннің үстем әрі аса агрессивті табиғаты қауіпті екенін түсінген. Ал Сато өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, жігіттің өз-өзіне жарақат келтіргенін айтады.

 Бұған дейін Қазақстандағы танымал әншілердің бірінің үйі өртенгенін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: