Ұлыбританияда соттың қателігінен 38 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты

Ұлыбританияда соттың қателігінен 38 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 13:22 Сурет: pexels
Ұлыбританияның апелляциялық соты кісі өлтіру ісі бойынша жарты ғұмырын темір торда өткізген Питер Салливанның үкімін жойып, ақтап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News дерегіне сүйенсек, 21 жастағы Дайан Синдалл 1986 жылы 2 тамызда Мерсисайдтағы Биркенхед қаласында қатігездікпен өлтірілген. Сол кезде 29 жастағы Питер Салливан бұл қылмысқа айыпталып, 1987 жылы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

2021 жылы Салливан Қылмыстық істерді қайта қарау комиссиясына (CCRC) үшінше рет жүгініп, қылмыс орнынан алынған үлгілерге заманауи ДНҚ талдауы жүргізілді. Нәтижесінде, бұл үлгілердің Салливанға тиесілі емес екені анықталды. Бұл жаңалық оның кінәсіздігін дәлелдеп, іс Апелляциялық сотқа қайта қарауға жіберілді

Апелляциялық сот Салливанның үкімін жойып, оны ақтады. Сот отырысы кезінде Салливан көз жасын тыя алмады. Соттан кейін ол:

"Мен төрт онжылдық бойы жасамаған қылмысым үшін бостандығымнан айырылдым. Бұл әділетсіздік болды, бірақ мен ашулы емеспін. Енді отбасыммен жүздесер сәтті асыға күтудемін," – деді ол.

Енді детективтер 21 жастағы британдық әйелді кім өлтіргенін анықтау үшін жаңа тергеу жүргізуде.

Бұған дейін Мексикада мэр лауазымына үміткердің тікелей эфир кезінде атып өлтірілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: