Бельгияда коммерциялық емес ұйым өкілдері ереуілдетіп жатыр

Белгияда қатаң үнемдеуге қарсы шеру өтіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 10:31 Сурет: pixabay
Қызметкерлер үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсылық білдіруде. Ел билігі жалақыны, жәрдемақыны қысқартып, бірқатар реформа жүргізбек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наразылық акциясына қарттар, мүгедектер үйінде жұмыс істейтін медбикелер мен тәрбиешілер, дәрігерлер қатысып жатыр.

Ақ халаттылар биліктегілердің зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді қысқартуына қарсы. Жаңадан жасақталған үкімет бюджетті қысқартып, 23 млрд еуро үнемдемек.

Бұл кедейлердің санын көбейтеді деген шерушілер биліктегілерден халыққа қызмет көрсету мекемелеріне инвестиция құйып, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауды талап етуде.

Дәрігерлер қауымдастығының мәліметінше, қазір Бельгияда психиатр, онколог, терапевт тапшы. Науқастар осы дәрігерлердің қабылдауын 3-4 ай күтуге мәжбүр, деп жазады qazaqstan.tv.

"Жүктеме көп, жалақы аз болғандықтан, жас дәрігерлер зейнетке шыққандардың орнын басуға құлықсыз", – дейді медицина мамандары.

Кәсіподақ ұйымының өкілдері бүгінгі шараға 30 мыңнан астам адам қатысады деп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: