Лондонда таза ауа салығы қымбаттайды

Орталық Лондонға ескі көлікпен кіру үшін төленетін таза ауа салығы келер жылдан бастап 20 пайызға көтерілуі мүмкін. , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 11:06 Сурет: pixabay
Орталық Лондонға ескі көлікпен кіру үшін төленетін таза ауа салығы келер жылдан бастап 20 пайызға көтерілуі мүмкін.

Лондон көлік басқармасының пікірінше, бұл қадам тұрғындарды қоғамдық көлікке отыруға немесе электромобиль сатып алуға ынталандырады.

Ал егер төлем өзгеріссіз қалса, алдағы жылы орталыққа кіретін ескі көліктердің саны 2 200-ге артатын көрінеді.

Қазір тозығы жеткен темір тұлпарлар негізгі көшелермен жүру үшін күніне 19 мың теңгедей төлеуі тиіс, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан олардың көпшілігі орталықты сырт айналып өтуге тырысады.

Тарифтерді көтеру бойынша түпкілікті шешім әзірге қабылданбады.

Қоғамдық талқылау жүріп жатыр.

Бастама қолдау тапса, қарсылар жаңа тарифтер көлігін күнкөріс көзіне айналдырған табысы төмен жүргізушілердің қалтасын қағады, деп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: