Түркиядағы жер сілкінісінің соңы тасқын суға айналды

Түркиядағы жер сілкінісінің соңы тасқын суға айналды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 16:28 Сурет: pixabay
2025 жылғы 3 маусымға қараған түні Түркияның Мармарис курортында жер сілкінісі болды. 69 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Алайда табиғаттың тосынсыйы мұнымен біте қоймады, Трабзон қаласында толассыз жауған жаңбырдың соңы тасқын суға әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz

Milliyet басылымының мәліметінше, ондаған үй мен кәсіпорындарды су басып, жолдарға зақым келген.

Сонымен қатар, жоғалып кеткен 72 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындар оқиға орнынан фото-видео материалдарды белсенді түрде бөлісуде.

Бұған дейін Балиге есірткі алып өтпек болған үш саяхатшының өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: