Қытайда 20 хакер туралы ақпарат берген адамға сыйақы жарияланды

Қытайда 20 хакер туралы ақпарат үшін сыйақы жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 11:09 Сурет: pixabay
Гуанчжоу қаласының Тяньхэ аудандық қоғамдық қауіпсіздік бюросы Тайвань Демократиялық прогрессивтік партиясының әкімшілігімен байланысы бар, Қытайға кибершабуылдар жасаған деп күдікке ілінген ұйымның 20 мүшесі туралы ақпарат үшін сыйақы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

People's Daily Online басылымының құқық қорғау органдарына сілтеме жасап жазуынша, іздеудегі күдіктілерді ұстауға көмектесетін ақпарат үшін әрқайсысына 10 мың юань (шамамен 708 мың теңге) көлемінде сыйақы беріледі.

Бұған қоса, билік өкілдері күдіктілердің фотосуреттерін жариялады:

Сурет: Гуанчжоу Тяньхэ ауданының Қоғамдық қауіпсіздік бюросы

Сондай-ақ, бюро 20 мамырда Гуанчжоудағы технологиялық компанияға жасалған соңғы шабуыл туралы ақпарат таратты. Бұл шабуыл "әдеттегі хакерлердің мүмкіндігінен әлдеқайда асып түсетін, кең ауқымды және үйлестірілген киберсоғыс әрекеті" ретінде сипатталды.

Мамыр айында Гуанчжоудағы бір технологиялық компания кибершабуылға ұшырағаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары шабуылды Тайваньның Демократиялық прогрессивтік партиясы әкімшілігімен байланысы бар Тайваньның Ақпараттық, байланыс және электрондық күштер командованиесі (ICEFCOM) ұйымдастырғанын анықтады.

Айта кетейік, Қытайдың орталық үкіметі мен Тайвань арасының ресми қарым-қатынастары 1949 жылы, азаматтық соғыста Қытай Коммунистік партиясынан жеңілген Гоминьдан күштері Чан Кайши басқаруымен Тайваньға қашқаннан кейін үзілген болатын. Алайда 1980-жылдардың соңында арада іскерлік және бейресми байланыстар қалпына келтірілді. 1990-жылдардың басынан бастап тараптар байланыстарды бейүкіметтік ұйымдар арқылы жүзеге асыра бастады – Пекин жағынан Тайвань бұғазы арқылы қарым-қатынастарды дамыту қауымдастығы, ал Тайбэй жағынан – Бұғаз арқылы алмасулар қоры.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: