Астаналықтар құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін 86,5 мың теңгеге дейін сыйақы ала алады

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 12:13 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астана қаласының әкімдігі құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын тұрғындарды ынталандыру қағидаларын бекітті. Енді қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан астаналықтар құқық бұзушылық туралы берген ақпараты үшін 86 500 теңгеге дейін сыйақы ала алады.

Құжатта "қоғамдық көмекші" ұғымы енгізілген. Бұл – құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарға ерікті түрде көмек көрсететін азамат.

Қандай ынталандыру түрлері қарастырылған?

Қоғамдық көмекшілер мынадай тәсілдермен марапатталуы мүмкін:

  • алғыс жариялау;
  • грамотамен марапаттау;
  • ақшалай сыйақы беру;
  • білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламаларына жіберу;
  • жұмыс орны немесе ұйымына көтермелеу туралы ұсыныс жолдау;
  • құқық бұзушылықтың алдын алуға елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградаға немесе құрметті атаққа ұсыну.

Ақшалай сыйақыны қалай алуға болады?

Сыйақы алу үшін азамат уәкілетті органға әкімшілік құқық бұзушылық фактісін растайтын фото немесе бейнежазбамен бірге хабарлама жолдауы тиіс. Мұндай жағдайда сыйақы құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасы есебінен төленеді.

Сонымен қатар, анонимді хабарламалар ақшалай сыйақы төлеуге негіз болып саналмайды.

Сыйақы алу үшін азамат уәкілетті органға арнайы өтініш беруі қажет.

Қағидаға сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық фактісі расталып, іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен кейін және құқық бұзушы айыппұлды толық төлеген соң, сондай-ақ бюджетте қажетті қаражат болған жағдайда, уәкілетті орган айына бір рет сыйақы алуға үміткер азаматтардың тізімін комиссияның қарауына жолдайды.

Комиссия азаматтың құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін ескере отырып, көтермелеу түрін және ақшалай сыйақының мөлшерін белгілейді.

Ақшалай сыйақының ең жоғары мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайды. 2026 жылы бұл – 86 500 теңге.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: