Түркияның Маниса қаласының мэрі тоққа соғылып, қайтыс болды

Түркияның Маниса қаласының мэрі Ферди Зейрек , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 09:47 Сурет: Instagram/mimarferdizeyrek
9 маусымда Түркияның Маниса қаласының мэрі Ферди Зейрек электр тоғынан соққы алып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

BAKU.WS ақпарат көзінің мәліметінше, бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Кямал Мемишоғлу X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазды.

"Оқыс оқиғадан кейін ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыт жансақтау бөлімінде жатқан Маниса мэрі Ферди Зейректі дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан аман алып қалу мүмкін болмады. Оның отбасына, жақындарына және оны жақсы көрген барлық жандарға қайғыра көңіл айтамын", – деп жазды министр.

Бұған дейін АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: