Британдық барлау қызметінің басшысы ретінде алғаш рет әйел адам тағайындалмақ
Сурет: pixabay
Ұлыбритания тарихында алғаш рет MI6 (Сыртқы барлау қызметі) басшысы қызметіне әйел адам тағайындалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN-ге және басқа да дереккөздерке көз жүгіртсек, бұл лауазымға Блейз Метревели басты үміткер.
🚨 NEW: Keir Starmer has appointed the first ever female MI6 chief, Blaise Metreweli CMG pic.twitter.com/q0hF8hGJsq
— Politics UK (@PolitlcsUK) June 15, 2025
Қазіргі уақытта ол MI6-тың технологиялық департаментін басқарады және 1999 жылдан бері барлау қызметінде жұмыс істейді. Өз мансабының басым бөлігін Таяу Шығыс пен Еуропадағы операциялық жұмыстарға арнаған, бұл оған жаңа қызметте мол тәжірибе береді.
47 жастағы Блейз Метревели осы күзде MI6 басшысы қызметіне кіріседі. Ол 2020 жылдан бері ұйымды басқарған Ричард Мурдың орнын баспақ.
Бұған дейін Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript