Түркияда алапат өрт Измир қаласына жақындап қалды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркияның Измир қаласы маңындағы алапат орман өртін 3 күннен бері сөндіру мүмкін болмай жатыр.
Қалың түтіннің кесірінен Измир халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Қазір ұшақтар көршілес әуежайларға жіберіліп жатыр.
Қызыл жалын қала іргесіндегі бірнеше елді мекенге дейін жетіп, ондаған ғимарат отқа оранды. Өрт қаупін ескеріп ондаған ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.
Ауыл шаруашылығы және орман министрлігінің хабарлауынша, соңғы 3 күнде ел аумағында ірілі-ұсақты 263 орман өрті тұтанған, деп жазады qazaqstan.tv.
Измир, Мерсин және Хатайдағы ең ірі төрт өрт ошағынан басқалары қазірге дейін сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске күннің ыстығы мен қатты жел кедергі болып тұр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript