Өзбекстан ескірген көліктерден бас тартпақ

Утилизационный сбор, утильсбор, утилизация машины, утилизация машин, утилизация, утиль, металлолом, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 12:33 Фото: akorda.kz
Өзбекстан ескірген көліктерден бас тартуды жоспарлап отыр. Зауыттан шыққанына 40-50 жыл болған темір тұлпарларды қолданыстан кезең-кезеңімен алып тастамақ.

Тозығы жеткен көліктер енді қала көшелерінде жүре алмайды. Бұған негізгі себеп, ауаның тазалығын сақтау. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.

Осы тұста тұрғындардың ескі көліктерді жаңасына ауыстыруына қолжетімді жағдай жасау туралы мәселе көтерілген. Жол қауіпсіздігі қызметіне жауаптылар тиісті заңдарға түзетулер әзірленіп жатқанын хабарлады.

Полицейлердің мәліметінше, көлік апаттары көбейіп барады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ел аумағында күн сайын орта есеппен алты адам жол апатынан көз жұмады.

Атмосфера тазалығын сақтау үшін Өзбекстанның ірі қалаларында электробустарды көбейту де қолға алынып жатыр.

"Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 250 мыңнан астам ескі көлік экологиялық бақылаудан өткізілді. Басым көпшілігінде ауаға тасталатын зиянды газдардың мөлшерден көп екендігі анықталды. Оларға тиісті мөлшерде айыппұл салынды." Нозимбек Носиров, Экология министрлігінің бас маманы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: