Өзбекстанда қарыз банк картасынан шешілуі мүмкін

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 16:11 Фото: freepik
Өзбекстанда коммуналдық қарыз енді тұрғындардың банк карталарынан шешілуі мүмкін. Құжат борыштарын жылдап төлемейтін азаматтардың санын азайтып, басқарушы компаниялардың қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, мұндай тәжірибе көптеген салада нәтижесін берді. Мәселен, биылғы 6 айда 1,4 млн борышкердің картасынан қаржы шешіліп, қалалық, аудандық бюджеттің кірісін толтырған.

Аталған заң жобасы Олий мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды, деп жазады 24.kz арнасы.

Алайда кейбір депутаттар коммуналдық шаруашылыққа қатысты толықтыруға алаңдаушылық білдірді.

Бұл әлемуметтік аз қамтылған отбасылардың күнкөріс деңгейіне тікелей әсер ететінін ескертті.

Бізде коммуналдық шаруашылықтардың қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Тұрғындармен кездесулерде мұны естіп те, көріп те жүрміз. Бір сөзбен айтқанда, олар дұрыс жұмыс істемейді. Басқарушы компаниялардың борышкерлерді еш ескертусіз сотқа беру фактілері де аз емес. Сондықтан заңның шикі тұстарын ескеру керек. Дилбархон Мамаджанова, Өзбекстанның Олий мәжіліс депутаты
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: