Ресейде салық кодексіне өзгерістер енгізілді
Сурет: pixabay
Ресейде салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Жеке табыс салығы енді кіріс мөлшеріне қарай өседі – көп табыс тапқандар 13%-дан 22 %-ға дейін салық төлейді.
Бұрын барлығы үшін салық 13% болатын. Кәсіпорындар үшін табыс салығы бес пайызға көтеріледі.
Соңғы екі жыл салықтан жалтарған кәсіпкерлер 2025-2026 жылдары ашық жұмыс істесе, оларға айыппұл салынбайды, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл "салық рақымшылығы" деп аталады.
Салық заңнамасына өзгеріс енгізудегі басты мақсат – бюджетті толықтыру. Биыл осы реформалар арқылы 2,6 трлн рубльге жуық қосымша табыс түседі деп күтілуде.
"Ресейде кәсіпкерлерге бақылау күшейді. Онсыз да пандемиядан соң әрең есін жиған кәсіпкерлерге енді салық өсіп отыр. Бұл экспермиенттік жоба 10 жылға жоспарланған. Салық комитетінің тарапынан кәсіпкерлердің жұмысын тексеру 134 пайызға өскен." Наталья Суматова, сарапшы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript