Гаити аралында жергілікті бандылар гуманитарлық ұйымның қызметкерін тұтқыннан босатты

Гаити аралында жергілікті бандылар гуманитарлық ұйымның қызметкерін тұтқыннан босатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 12:45 Сурет: X/VaticanNews
Ирландиялық қайырымдылық мекемесінің қызметкері және тағы жеті адам Гаитиде тұтқыннан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, 32 жастағы Джена Херати Порт-о-Пренс қаласына жақын орналасқан Кенскофф коммунасындағы "Біздің кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымыз" атты приютта жұмыс істейді. Ол шамамен 270 баланың әл-ауқатына жауапты. 3 тамыз күні ол және жеті гаитиялық, оның ішінде үш жасар бала да бар, қарулы топ тарапынан ұрланған.

Қылмыскерлердің нақты мақсаты көрсетілмегенімен, Ирландияның Сыртқы істер министрлігі Гаитиде қылмыстық топтар үкіметке қарсы әрекет жасап, ел астанасын іс жүзінде бақылауға алғанын атап өтті. Мұндай жағдайда тұтқындарды үкіметке қысым жасау үшін қолдануы мүмкін.


"Бұл, Херати отбасы үшін аса ауыр әрі қорқынышты жағдай болды. Мен олардың төзімділігі мен қиын кезеңде Джена мен басқа тұтқындарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын", – деді Ирландия премьер-министрінің орынбасары Саймон Харрис.

Ол барлық құтқарылған азаматтардың қауіпсіз жерде екенін атап өтті.

Бұған дейін Ресейлік дәрігерлердің жаңа туған шақалақтарды Қытайға сатып келгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: