Еуропа Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін дайындады

Еуропа Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін дайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 09:15 Сурет: Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасы
Еуропалық елдер қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері бойынша өз ұсыныстарын дайындап, АҚШ-тың қолдауын күтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News дерегінше, 4 қыркүйекте Парижде "қалау білдірушілер коалициясы" деп аталатын топтың кездесуі жоспарланған, онда Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері талқыланады. Бұл кездесуге Франция, Ұлыбритания және Германия басшыларымен қатар Владимир Зеленский де қатысады.


"Бейсенбі күні біз "қалау білдірушілер коалициясының" Украина қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін америкалықтардың қолдауына ие екендігін растауға тырысамыз", – деді Франция президентінің кеңесшілерінің бірі журналистерге берген сұхбатында.

Қатысушылардың нақты саны белгісіз, бірақ бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон "коалицияда" 30 мүше ел бар екенін мәлімдеген.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров NBC News америкалық телеарнасына берген сұхбатында Украина бойынша қауіпсіздік кепілдіктері мәселесі "Ресейдің негізгі мүдделерін ескеретін консенсус негізінде" шешілуі тиіс екенін айтты.

Бұған дейін Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: