АҚШ-та тікұшақ апатқа ұшырап, борттағылардың барлығы мерт болды

Тікұшақ, апатқа ұшырау, Лейквилль, Миннесота, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2025 11:11 Сурет: pixabay
2025 жылдың 6 қыркүйегінде Лейквилль қаласы маңында (Миннесота, АҚШ), Эйлейк шағын әуежайы жанында тікұшақ апатқа ұшырап, отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті билік әуе апатынан аман қалғандар жоқ екенін айтты, деп жазады Fox News.

Полицияның мәліметінше, офицерлер құлаған Robinson R66-ны жергілікті уақыт бойынша сағат 14:45 шамасында тапқан. Бортта қанша адам болғаны да белгісіз.

Тікұшақ далалы аймақта апатқа ұшырағандықтан ол маңда ешкім зардап шеккен жоқ.

АҚШ-тың ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) тікұшақ "белгісіз жағдайларда құлап, содан кейін өртенгенін" хабарлады. АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) да хабардар етілді.

Тергеу шараларын NTSB және FAA өз мойнына алды. Лейквилл Миннеаполистен оңтүстікке қарай 30 шақырым және Сент-Полдан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетсек, Қытай Бейжіңдегі парадта ядролық әскери техникасын көрсеткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: