Британ түрмесінің қызметкері сотталушымен жақын араласқаны үшін ұзақ мерзімге түрмеге тоғытылуы мүмкін
Сурет: pixabay
Оңтүстік Йоркширдегі түрме қызметкері, 27 жастағы Шарлотта Уинстенли 29 жастағы сотталған Джабхари Блэрмен жақын қарым-қатынасы үшін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Metro басылымының мәліметінше, үш айға созылған қарым-қатынас барысында Уинстенли сотталушыға контрабандалық жолмен ұялы телефон, SD-карталар және басқа да тыйым салынған заттарды жеткізген. Джабхари Блэр бұған дейін көше төбелесіне қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Уинстенлидің адвокаты оның мемлекеттік қызметтегі заңсыз әрекетін толық мойындағанын және өз рөлін жасыруға тырыспағанын атап өтті.
Айыпталушыға үкім 3 желтоқсанда шығарылады. Бұл қылмыс үшін ең жоғарғы жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Бұған дейін Таиландта трансгендерлер туристке пышақпен шабуыл жасағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript