Бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған спортшы алаяқтық жасады деп айыпталуда
Сурет: Instagram/julia_.simon
Le Dauphiné Libéré басылымының жазуынша, спортшыға қатысты сот процесі 24 қазанда өтеді. Альбервиль прокуратурасы Симонға ұрлық және алаяқтық бойынша айыптар тағылғанын мәлімдеді. Бұл қылмыстар Франция мен Норвегия аумағында жасалған.
Тергеу барысында үш жәбірленуші анықталған, олардың бірі — Жюстин Бреза-Буше. Айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр.
2022 жылы Норвегиядағы Blinkfestivalen шаңғы ролик фестивалінде Жюлия Симон Жюстин Бреза-Бушенің несие картасын пайдаланып, интернет-дүкеннен тауарлар сатып алғаны туралы ақпарат тараған. Сол ақшамен ол GoPro тәрізді спорттық камера сатып алған.
Жалпы келтірілген залал 1000-нан 2000 еуро аралығында болған. Екінші шағым Франция құрамасының тағы бір мүшесінен түскен. Биатлоншы жауап алу үшін ұсталып, кейін босатылған.
Бұған дейін Өзбекстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленгенін жазғанбыз.