Полицейлер АЭС үстінен жұмбақ нысанды байқады
Фото: pixabay
Daily Mail жазғандай, нысан біраз уақыт аспанда қалықтап тұрған, кейін кенеттен дыбыссыз қозғалып кеткен. Бұл оқиға "Прери-Айленд" атом электр станциясының үстінде болған. Кейінірек сол белгісіз шар жеке тікұшақпен соқтығысып қала жаздағаны белгілі болды.
Фото мен бейнежазбалар Daily Mail секілді бірқатар ақпарат құралдарында жарияланып, "НЛО-мен кездесу" туралы тақырыптар тарады. Алайда ғалымдар асығыс қорытынды жасамауға шақырады.
Enigma зертханасының мамандарының пікірінше, бұл мүлде бөтен ғаламшарлықтардың кемесі емес, Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) болуы мүмкін.
Сол күні ХҒС Миннесота үстінен өткенін мамандар растаған. Ал нысанның айналасындағы жарқыраған сақиналар — жарық көздері мен жұлдыздар аспанда меруерттей жылтырап көрінетін оптикалық құбылыстың нәтижесі деп түсіндірілді.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы НЛО туралы ойлардан ұйықтай алмайтынын мойындаған болатын.