Трамп Зеленскийге бейбіт келіссөздер бойынша талап қойды

Трамп Зеленскийге бейбіт келіссөздер бойынша талап қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2025 11:29 Сурет: Telegram/Zelenskiy
АҚШ тарапы Украина президенті Владимир Зеленскийге бейбіт келісім жөнінде түпкілікті шешім қабылдау үшін бірнеше күн берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Financial Times басылымының жазуынша, бұл келісім бойынша Киев Донбасты Мәскеуге беруі тиіс.

"Дональд Трамп АҚШ Рождествоны атап өткенше, яғни 25 желтоқсанға дейін бейбіт келісімге қол жеткізуге үміттеніп отыр", – деп жазады басылым.

Ондағы ақпаратқа сүйенсек, 6 желтоқсанда өткен екі сағаттық телефон арқылы сөйлесу барысында арнайы өкіл Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер Зеленскийден жедел шешім талап еткен. Алайда Украина президенті жауап беруге асықпай, Еуропадағы одақтастарымен кеңесу қажет екенін айтқан.

Сонымен бірге, Трамп әкімшілігі Зеленскийді еуропалық серіктестерінен алыстатуға тырысуда. Себебі АҚШ Украинаны Донбастан бас тартуға қалай көндірерлерін білмей отыр.

Бұған дейін Путиннің резервтегі ресейліктерді әскери жиындарға шақырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: