Атақты зоолог, өмірін пілдерді қорғауға арнаған ғалым қайтыс болды
Сурет: wikimedia
Ұлыбританиялық зоолог және Save the Elephants (Пілдерді қорғау) ұйымының негізін қалаушы Иэн Дуглас-Гамильтон 2025 жылдың 8 желтоқсанында 83 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC дерегінше, Дуглас-Гамильтон жылдар бойы табиғатты қорғау саласында еңбек етіп, пілдерді браконьерлерден қорғау үшін олардың қозғалысын бақылау және мойнына GPS-талған қарғыбау тағу сияқты жаңашыл әдістерді енгізген зерттеулерімен танылды.
"Иэн піл сүйегіне жасалатын браконьерлік қылмысты әшкерелеуде шешуші рөл атқарды. Ол бір онжылдық ішінде африкалық пілдердің жартысынан көбі жойылғанын құжаттап, 1989 жылы піл сүйегі саудасына халықаралық тыйым салуға себеп болған маңызды үкіметаралық шешімнің қабылдануына ықпал етті", – делінген мәлімдемеде.
1993 жылы ол Save the Elephants (STE) ұйымын құрды. Қазіргі уақытта бұл ұйым пілдер жөніндегі ғылыми зерттеулер мен қорғау жұмыстарының басты орталықтарының бірі саналады.
Иэн Дуглас-Гамильтонның артында жұбайы Ория, екі қызы және алты немересі қалды.
Бұған дейін Үндістанда жағаға жақын маңнан бес тонналық акула ауланғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript