Таиландтағы тағы бір қайғылы оқиға: жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, отқа оранды
Сурет: pixabay
Thai PBS телеарнасының хабарлауынша, кран пойыз жүретін жолға құлаған. 32 адамның өмірін жалмаған трагедия Сикхио ауданындағы жедел теміржол желісінің эстакадасы тұрғызылып жатқан жерде болды.
Накхонратчасима провинциясының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккендердің жалпы саны - 99, қаза тапқандар – 32 адам, ауыр жарақат алғандар – жеті, орташа ауыр жарақат алғандар – 19, жеңіл жарақат алғандар – 38, хабар-ошарсыз кеткендер - үшеу.
A construction crane collapsed onto a passenger train in northeastern Thailand on Wednesday, killing at least 22 people and injuring 64 others. The crane, part of an elevated high-speed rail project, fell on the Bangkok–Ubon Ratchathani train in Nakhon Ratchasima province,… pic.twitter.com/CNdOoEnhkg
— The Pioneer (@TheDailyPioneer) January 14, 2026
Бұған дейін Пхукет аралының маңында туристер толы катер балық аулауға арналған кемемен соқтығысқан. Бортта экипаждың үш мүшесі және 52 турист болды, олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары да бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы апат кезінде зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті.