Turkish Airlines ұшағындағы "жарылыс қаупі" туралы тың ақпараттар белгілі болды

Turkish Airlines ұшағындағы "жарылыс қаупі" туралы ақпарат белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2026 12:44 Сурет: pixabay
Барселона әуежайына төтенше жағдайда қонған Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағындағы жарылыс қаупі жалған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Periódico газетінің дерегінше, ұшақ Стамбулдан Испания астанасына бағыт алған.

Ұшақты тексергеннен кейін Азаматтық гвардияның дереккөзі бұл қауіптің жалған екенін растаған.

Сонымен қатар, Испания әуежайларының операторы X желісінде Барселона әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын жазды.

Бұған дейін 2026 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан әуе кеңістігінде екі жолаушы ұшағының қатысуымен қауіпті авиациялық оқиға орын алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: