Испанияда екі пойыз рельстен шығып, қозғалыс тоқтатылды

Испанияда екі пойыз рельстен шығып, қозғалыс тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 13:28 Сурет: wikipedia
Испанияның теміржол инфрақұрылымының операторы Adif Кордова провинциясында екі жоғары жылдамдықты пойыздың рельстен шығып кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания бұл ақпаратты X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында жариялаған.

"Малага – Пуэрта-де-Аточа (Мадрид) бағытымен жүрген LD AV Iryo 6189 жоғары жылдамдықты қалааралық пойызы рельстен шығып, көршілес жолға ауысқан. Сол жолмен келе жатқан Пуэрта-де-Аточа – Уэльва бағытының LD AV 2384 пойызы да рельстен шықты", – делінген хабарламада.

Нақтылағандай, Севилья мен Мадрид арасындағы жоғары жылдамдықты теміржол желісімен жүрген пойыздар кері, бастапқы жөнелту пункттеріне бағытталып жатыр. Қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Оқиға орнына жедел қызметтер жіберілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Пашинянның армяндарды би кешіне шақырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: