Түркияда көмір шахтасы опырылып түсті

Түркияда көмір шахтасы опырылып түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 10:38 Сурет: freepik
Түркияның Зонгулдак провинциясы аумағындағы шахта опырылып түсті. Оқиға кезінде шахта ішінде төрт жұмысшы болған, олар үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, үйінді астында қалған жұмысшылардың біреуі тірі екені туралы ақғпарат бар. Онымен байланыс орнатылып, сөйлесу мүмкін болған.

"Құтқару операциясы жалғасып жатыр. Жақын арада барлық жұмысшыларды аман-есен жер бетіне шығарамыз деп үміттенемін", – деді жергілікті шенеуніктердің бірі.

Оқиға орнына құтқару жасақтары, жедел жәрдем бригадалары және жандармерия бөлімшелері жіберілген.

Бұған дейін Үндістанның Мегалая штатында көмір өндіретін жерасты шахтасында динамит жарылып, 31 адамның денесі табылып, тағы 10 адам жарақат алғаны анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: