Алтын бағасы қаңтар айының соңынан бері алғаш рет өзгерді.
Фото: пресс-служба Национального банка РК
Zakon.kz мәліметінше, сәуір айындағы алтынға арналған мерзімдік келісімшарттың құны Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасы бөлімшесі) бір трой унциясы үшін 5 200 доллардан асты.
Сауда алаңының дерегіне сәйкес, мұндай көрсеткіш соңғы рет 2026 жылғы 30 қаңтарда тіркелген.
24 ақпанда Қазақстан уақытымен сағат 04:00-дегі мәлімет бойынша, қымбат металдың бағасы 1,33 пайызға өсіп, бір трой унциясы 5 251,06 долларды құрады.
Ал сағат 06:30-да алтын бағасының өсу қарқыны баяулап, бір унциясының құны 5 186,12 долларға дейін төмендеді.
Бұған дейін 2026 жылы ақшаны қай валютада сақтау тиімді екені белгілі болған еді. Сондай-ақ жуырда экономист теңге бағамының құлдырауына не себеп болуы мүмкін екенін түсіндірген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript