Түркияда тағы да жер сілкінді
Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
16 наурыз күні түстен кейін Түркиядағы Жерорта теңізінің су айдынында сейсмологтар магнитудасы 4,8 болған жер сілкінісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының Түркия үкіметі жанындағы апаттарға қарсы күрес басқармасы (Afad) ұсынған ақпаратқа сілтеме жасай отырып жазуынша, сейсмикалық дүмпулер Қазақстан уақыты бойынша сағат 11:46-да тіркелді.
Эпицентр 15 км тереңдікте жатты. Зардап шеккендер мен қиратулар табылған жоқ.
Бұған дейін Дубайда әуе рейстеріне қызмет көрсету уақытша тоқтатылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript