Гавайда су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды
Сурет: pixabay
CNA мәліметінше, Оаху аралының солтүстік жағалауында су деңгейінің көтерілуі салдарынан жергілікті үйлерге айтарлықтай зиян келген.
Гонолулу билігі жұма күні таңертең Вахиава бөгетінің төменгі бөлігінде тұратын тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялауға шақырды. Себебі бұл бөгет бұрыннан бері осал нысан саналып келген және "кез келген сәтте бұзылу қаупі бар" деп бағалануда.
Қазіргі уақытта қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Алайда кейбір үйлерді су ағызып әкеткені белгілі болды. Бұл туралы Гонолулу өкілі Иэн Шеуринг мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 5,5 мың адамға эвакуациялау туралы нұсқау берілген.
Muddy floodwaters from severe rains inundated streets, swallowed vehicles and prompted evacuation orders for thousands of residents in towns north of Honolulu on Friday as officials warned of the possible failure of a a 120-year-old dam. https://t.co/hmEYoaE3XQ
— ABC Miami (@ABCMiami18) March 21, 2026
Қазір билік су деңгейін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жалпы, Гавайиде 132 бөгет бар, олардың көпшілігі бұрын қант қамысын суару жүйесінің бір бөлігі ретінде салынған.