"Звездных войн" фильміндегі роботтың басы миллион долларға сатылды
Сурет: propstoreauction
Жуырда Лос-Анджелестегі Propstore аукционында C-3PO роботының басы сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аукцион үйінің мәліметінше, бұл реквизит "Звездные войны: Эпизод V – Империя наносит ответный удар" фильмінде қолданылған. Лот коллекционерлер үшін қолжетімді жалғыз дана болған.
"C-3PO "Новой надежде" фильмінде экрандағы алғашқы диалогты айтқан кейіпкер және "Звездные войны" фильмінің барлық тоғыз бөлімінде көрінген санаулы кейіпкерлердің бірі. Бұл оны кино тарихындағы ең есте қаларлық роботтардың біріне айналдырады", – делінген лот сипаттамасында.
Бастапқыда оның бағасы 350 мыңнан 700 мың долларға дейін бағаланған. Алайда The Guardian мәліметінше, роботтың басы 1 058 400 АҚШ долларына сатылған.
Бұған дейін Тимур Бекмамбетовтың фильмі мен Сильвестр Сталлоненің қызы Голливудтағы "ең нашарлар" тізіміне енгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
