Ормуз бұғазы жабыла ма: Тегеран мәлімдемесі шиеленісті күшейтті

Ормуз бұғазы жабыла ма: Тегеран мәлімдемесі шиеленісті күшейтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2026 20:48 Сурет: wikipedia/Ормуз бұғазы
Иран Ормуз бұғазы Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату кезеңінде коммерциялық теңіз тасымалы үшін толық ашық екенін, бірақ жағдай ушығатын болса, оны қайтадан жабуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNBC мәліметінше, бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчи айтқан.

"Ливандағы атысты тоқтату келісіміне сәйкес, Ормуз бұғазы арқылы барлық коммерциялық кемелердің өтуі бітімнің қалған мерзіміне толық ашық деп жарияланады", – деді министр.

Алайда оның айтуынша, кемелер Иранның теңіз органдары белгілейтін "үйлестірілген маршрутпен" жүруі тиіс. Сонымен қатар Тегеран бұғаздан өту үшін ақы алуы мүмкін бе, жоқ па – бұл әзірге белгісіз.

Бұдан бөлек, ирандық саясаткерлер АҚШ-қа ескерту жасады.

"Егер теңіз блокадасы жалғасса, бұл Иран мен АҚШ арасындағы атысты тоқтату режимін бұзу деп есептеледі, Ормуз бұғазы арқылы транзит жабылады", – деп мәлімдеді республика Қауіпсіздік кеңесі.

Израиль мен Ливан бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 17:00-де басталатын 10 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келген. Израильдің Ливандағы әскери науқаны және Иранның одақтасы саналатын "Хезболламен" қақтығысы Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердегі негізгі даулы мәселелердің бірі болып отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні әлеуметтік желідегі жазбасында Иранға бұғазды ашқаны үшін алғыс білдірген. Алайда ол АҚШ-тың иран порттарына теңіз блокадасы Тегеранмен келісімге қол жеткізілгенге дейін сақталатынын да атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: