Иран Израильге қарсы жүргізілген операция аяқталғанын мәлімдеді
Сурет: freepik
Иран тарапы Израильге қарсы жүргізілген операция аяқталды деп санайды, бірақ егер Израиль мен оның батыстық әріптестері Тегеранға қарсы әрекет етуді жалғастыратын болса, оларға тағы орасан күшпен жауап қайыруға дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали Ислам Республикасының әскер күніне орай болған қабылдау кезінде мәлімдеді.
"Біз Израильге қарсы операция аяқталды деп санаймыз, бірақ егер Израиль режимі мен оның шашбауын көтеруші батыстық қолдаушылары бізге қарсы тағы бір рет әрекет етуге бел буса, біз, әрине, неғұрлым байсалды құралдар мен күштермен жауап береміз", – деп ТАСС Иран дипломатиялық өкілдігі басшысының сөзін келтіреді.
14 сәуірге қараған түні Иран Израильге зымырандар жаудырды. Иран қарулы күштері Израиль аумағына 185 дрон, 36 қанатты зымыран және 110 зымырандарын ұшырды. Олардың барлығы дерлік ЦАХАЛ одақтастарымен бірге нысанаға жеткізбей аспаннан атып түсірді. Иран түнгі шабуылдар Израильдің 1 сәуірде болған Дамаскідегі (Сирия) Иран консулдығына жасаған шабуылына жауап екенін мәлімдеді. Пентагон басшысы Ллойд Остин Америка Құрама Штаттарының Израильді қорғауға дайын екенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript