Қолтырауын әйелге шабуыл жасап, оны су түбіне сүйреп алып кетті
Сурет: pixabay
Замбези өзеніндегі балық аулау қайғылы жағдаймен аяқталды. Қолтырауын куәгерлердің көзінше жергілікті тұрғынға шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Herald Online басылымының жазуынша, оқыс оқиға 8 мамырда болған. Таяз суда көршісімен жүрген жергілікті тұрғынға кенеттен қолтырауын тап берген.
Жыртқыш әйелді су түбіне сүйреп алып кеткен. Көршісі айқайлап, көмекке шақыра бастаған, артынша сол маңдағы балықшылар бауырымен жорғалаушыға тас лақтырып, қорқытқан.
Көп ұзамай жыртқыш өз олжасын қамыс баурайының жанына тастап, одан әрі суға апара алмады. Әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Бұған дейін Майами маңында ірі орман өрті таралып жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript