Швецияда әйелін жүзден астам ер адамға жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген ер адам сотталды
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Gazeta.ru басылымының мәліметінше, жергілікті SVT телеарнасына сілтеме жасап, ер адам 2022 жылдан бастап әйелін Крамфорс қаласындағы фермада бейтаныс ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бұл жағдай әйелдің 2025 жылдың қазан айында полицияға шағымдануына дейін жалғасқан.
Сот материалдарына сәйкес, ер адам әйеліне үнемі есірткі беріп отырған және оны үйдегі бейнебақылау камералары арқылы бақылаған. Сонымен қатар ол жұбайын бензин құйып өртеп жіберемін, саусақтарын кесемін деп жиі қорқытқан.
Ақыры әйел шыдамай, күйеуінен қашып шығып, полициядан көмек сұраған.
Сот ер адамның жәбірленушіні аяусыз қанағанын және толық бақылауда ұстағанын анықтады. Ол әйелді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп қана қоймай, бұл әрекеттерді интернет арқылы таратқан.
Сот үкімімен айыпталушы 4 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол жәбірленушіге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Тергеу барысында әйелге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған 120 ер адамның тек 29-ына ғана айып тағылғаны белгілі болды. Олардың 28-і ақылы сексуалдық қызметті сатып алғаны үшін кінәлі деп танылды. Екі адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, қалғандары шартты жаза алды.
Бұған дейін екі айлық сәбиін баласыз ерлі-зайыптыларға 250 мың теңгеге сатып жіберген әйел туралы хабарланған болатын.