АҚШ-тың Иранмен қақтығысқа жұмсаған шығыны белгілі болды
Фото: Zakon.kz
АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операция жүргізуге жұмсаған шығыны 113,3 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының мәліметінше, бұл көрсеткіш әскери қызметкерлерді қамтамасыз етуге, Таяу Шығыс аймағына жіберілген әскери кемелерді ұстауға және операцияға байланысты өзге де шығындарға негізделген. Есепті арнайы Iran War Cost Tracker порталы жүргізген.
Шығындар АҚШ Соғыс министрлігінің Конгреске ұсынған есебі негізінде есептелген. Құжатта операцияның алғашқы алты күніне 11,3 миллиард доллар жұмсалғаны көрсетілген. Кейінгі кезеңде шығын көлемі тәулігіне шамамен 1 миллиард долларды құраған.
Операция аяқталғаннан кейін бұл сомаға қосымша шығындар қосылмаған.
Бұған дейін Ирандағы қақтығыстың Ұлыбританиядағы энергия бағасына әсер еткені туралы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript