Жолаушы қатар отырған адамды тістеп, ұшақты шұғыл қонуға мәжбүр етті
Фото: Zakon.kz
Gazeta.ru басылымының Fox News-ке сілтеме жасап жазуынша, экипаж бен диспетчерлер арасындағы радиобайланыс жазбасында ұшқыш жолаушылардың бірі екіншісін тістеп алғанын және айналасындағы адамдармен жанжал шығаруға тырысқанын хабарлаған.
Осыған байланысты экипаж қонғаннан кейін бірден полиция мен медициналық қызметкерлердің келуін сұраған. Ұшқыштың айтуынша, жолаушының мұндай әрекетіне медициналық немесе психикалық жағдай себеп болуы мүмкін.
Ұшақ сәтті қонғаннан кейін бортқа жедел қызметтер мен құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Әуе компаниясы кейіннен жолаушының ұшу кезінде "психологиялық дағдарыс" жағдайында болғанын растады.
Әуе компаниясы экипаж мүшелеріне және рейс барысында көмек көрсеткен медициналық қызметкерге алғыс білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы бір елде әуе қатынасы күтпеген жағдайда қайта қалпына келгені хабарланған болатын.