Балалар алаңындағы жарылыс: Ресейде кішкентай қыз балаларды қайғылы жағдайдан құтқарып қалды
Фото: Zakon.kz
"Газета.ru" басылымының аймақтық Тергеу комитетіне сілтеме жасап жазуынша, оқиға 2 шілде күні Усть-Кинельск ауданында болған.
Бірнеше жасөспірім аулада ойнап жүрген балалардың аяғының астына ішінде белгісіз қоспасы бар пластик бөтелкені лақтырған. Сол сәтте 6 жастағы қыз оны қоқыс жәшігіне қарай итеріп жіберген, көп ұзамай жарылыс болған.
Оқиға нәтижесінде жақын жерде тұрған бір әйел қолынан күйік алған.
Оқиға орнында ақ түсті ұнтақ іздері мен бензин иісі бар сұйықтық табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер интернеттен жарылғыш қоспа жасау туралы нұсқаулықты тауып, соны қайталап көрмек болған.
Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Монакодағы жарылыста зардап шеккендердің арасында украиналық олигарх бар екенін жазғанбыз.