Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылып, төрт адам жарақат алды
Сурет: Алтай Республикасы бойынша ІІМ баспасөз қызметі
7 шілде күні таңертең Ресейдің Алтай Республикасындағы Белый Бом ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан төрт қазақстандық жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алтай Республикасы Ішкі істер министрлігі бас басқармасының мәліметінше, оқиға кезінде жүргізуші мен үш жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз бала зардап шеккен.
Алдын ала мәлімет бойынша, 47 жастағы жүргізуші жолдың күрделі учаскесінде көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан қазақстандықтар отырған Changan X5 Plus автокөлігі жолдан шығып кетіп, арыққа аударылған.
Жарақат алғандардың барлығы Онгудай аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың денсаулық жағдайы туралы әзірге қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
"Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

