Ерлі-зайыпты Ердоғандар НАТО саммитіне қатысушылардың құрметіне салтанатты кешкі ас берді

Ерлі-зайыпты Ердоғандар НАТО саммитіне қатысушылардың құрметіне салтанатты кешкі ас берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 12:13 Сурет: Instagram/rterdogan
7 шілде күні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған НАТО-ның 36-саммитіне қатысу үшін келген мемлекет және үкімет басшыларына, сондай-ақ олардың жұбайларына арнап салтанатты кешкі ас ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анкарадағы президенттік кешенде өткен бұл шара бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз, жабық форматта өтті.

Ерлі-зайыпты Ердоғандар НАТО саммитіне қатысушылардың құрметіне салтанатты кешкі ас берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 12:13

Сурет: Instagram/stargazete

Кешкі ас туралы пікірін Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Әлемдік қауымдастық алдында тұрған ортақ сын-қатерлерге шешім іздеу күшейіп жатқан кезеңде бұл маңызды саммит диалог пен өзара келісім мәдениетін одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін", – деп жазды ол саммитке қатысушылардың ортақ суретін жариялап.
Ерлі-зайыпты Ердоғандар НАТО саммитіне қатысушылардың құрметіне салтанатты кешкі ас берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 12:13

Сурет: Instagram/stargazete

7 шілде күні Түркияға НАТО-ға мүше 32 мемлекеттің президенттері мен үкімет басшылары келді. Сонымен қатар саммитке Украина, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландияның басшылары, сондай-ақ Еуропалық одақтың өкілдері де қатысуда.

Ерлі-зайыпты Ердоғандар НАТО саммитіне қатысушылардың құрметіне салтанатты кешкі ас берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 12:13

Сурет: Instagram/stargazete

Саммиттің негізгі жұмыс отырыстары 8 шілде, сәрсенбі күні өтеді.

Ерлі-зайыпты Ердоғандар НАТО саммитіне қатысушылардың құрметіне салтанатты кешкі ас берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 12:13

Сурет: Instagram/stargazete

Анкарадағы кездесулердің басты тақырыптары – Украинаға Ресейдің әскери іс-қимылдарына қарсы қорғануға көрсетілетін қолдау және Еуропаның қорғаныс қабілетін күшейту. Сондай-ақ болашақта альянс аясындағы қорғанысқа қатысты жауапкершіліктің негізгі бөлігін Еуропадағы НАТО-ға мүше мемлекеттер өз мойнына алуы мәселесі талқыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: