Демалыс аймағында бизон келушілерге шабуыл жасады - видео
Сурет: YouTube
The Sun басылымының мәліметінше, оқиға алдында алып жануар пикник үстелінің маңында жайылып жүрген. Сол кезде қарт кісі немересімен бірге бизоннан шамамен 90 метр қашықтықта болған. Олар жануардың жанынан өтіп кетудің орнына, оның шаңға аунап жатқанын суретке түсіру үшін тоқтаған.
Кенеттен бизон орнынан атып тұрып, зейнеткерді қуып жетіп, ер адамды бірнеше метр биіктікке ұшырып жіберген.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зейнеткер турист ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Куәгерлердің айтуынша, бизон ер адамды сол жақ мүйізімен жамбас тұсынан іліп әкеткен. Шабуыл сәтін фотоға түсіріп тұрған фотограф болған жағдайдан кейін түсірілімін бірден тоқтатып, бар дауысымен айқайлап, бизонды үркітуге ұмтылған.
АҚШ Ұлттық парктер қызметі әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін балық аулау кезінде қолтырауын 11 жастағы балаға шабуыл жасағанын жазғанбыз.