Әйгілі Манчини Италия құрамасының бас бапкері қызметіне қайта оралды

Әйгілі Манчини Италия құрамасының бас бапкері қызметіне қайта оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 10:45 Сурет: Instagram/mrmancini10
61 жастағы Роберто Манчини үш жылдан кейін Италияның футбол құрамасын қайта тізгіндеді. Ол бес жыл бұрын "Скуадра Адзурриді" Еуропа чемпионатының алтын жүлдесіне жеткізген еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай шешімді Италия футбол федерациясы қабылдап, Манчинидің ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

Белгілі болғандай, Италия футбол федерациясы соңғы сәтте тағы бір танымал маман – Андреа Пирлоның кандидатурасынан бас тартқан. Оған букмекерлік кеңселердің бірімен ынтымақтастық жасады деген күдік себеп болған.

Манчини бұған дейін 2018–2023 жылдары атқарған қызметіне қайта оралды. Оның жетекшілігімен Италия құрамасы Еуро-2021 турнирінде жеңіске жеткен еді.

Кейін бапкер Сауд Арабиясының ұлттық құрамасы мен Катардың "Аль-Садд" клубында жұмыс істеді. Сондай-ақ оның "Интер", "Манчестер Сити", "Зенит", "Фиорентина", "Лацио" және "Галатасарай" секілді клубтарда еңбек еткен мол тәжірибесі бар.

Кеше Италиядан бөлек, әлем футболының тағы бір алпауыты да жаңа бас бапкерін анықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: