Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды

Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 13:53 Сурет: Instagram/durov
"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерін құрған танымал кәсіпкер, миллиардер Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 29 шілдеде РИА Новости агенттігі жазды.

Ресейдің арнайы қызметтері таратқан ақпаратқа сәйкес, Павел Дуровқа террорлық әрекетке жәрдемдесуге қатысты қылмыстық бап бойынша айып тағылған. Айыптауға Telegram әкімшілігінің кейбір арналарды, чаттарды және боттарды жоймағаны себеп болған. Ресей тарапының нұсқасы бойынша, бұл ресурстарды Украина арнайы қызметтері Ресей аумағында диверсиялық-террористік әрекеттер дайындау, жаппай адам өлтіруді ұйымдастыру және кибералаяқтық жасау үшін пайдаланған.

"Telegram әкімшілігінің басшысы П. Дуровқа Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1-бөлігі ("Террористік әрекетке жәрдемдесу") бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында айып тағылды. Ол халықаралық іздеуге жарияланады", – делінген құзырлы орган мәліметтерінде.

Бұған дейін, 2026 жылғы 8 шілдеде Павел Дуровтан Парижде Telegram-ға қатысты іс бойынша төртінші рет жауап алынғаны хабарланған болатын. Тергеу шамамен алты сағатқа созылған. Жауап алудан кейін оның адвокаттары екі жылға созылған тергеу барысында кәсіпкердің кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар ұсынылмағанын мәлімдеген. Сондай-ақ олар Франция билігінің әрекеттеріне байланысты Еуропа соттарына шағым түсірген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: