Трамп америкалық мұнай компанияларынан бағаны төмендетуді талап етті
Сурет: magnific
Chevron Директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры Майк Вирт компаниясының табысты болуының барлық себебін жаңа ғана атап өтті. Бұл туралы АҚШ президенті желідегі парақшасында жазды. Сөйткен Дональд Трамп оның бір нәрсені айтуды ұмытып кеткенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ол бұл арада тек бір нәсені айтуды ұмытып кетті. Трамп әкімшілігінің даналығын, көрегендігін, күші мен тұрақтылығын, онсыз мұнай өнеркәсібі және жалпы біздің ел бақилық болар еді! Мысалы, Майк пен Chevron-ды Венесуэладан қуып шықты, бірақ қазір олар қайта оралды: бұрынғыдан да әлдеқайда ірі әрі күшті болып, онда да байи түсуді мақсат етуде! Бұл басқа мұнай компанияларына да қатысты... Тұтынушылар үшін мұнай бағасын төмендетіңіздер (бөлшек сатып алушылар үшін!) ДӘЛ ҚАЗІР!", деп жазды өз парақшасында Трамп.
Айта кетсек, АҚШ-тың стратегиялық мұнай резервіндегі (SPR) шикі мұнай қоры өткен аптада 2,85 миллион баррельге, яғни 304,8 миллион баррельге дейін төмендеді, бұл - 1983 жылдан бергі ең төменгі деңгей.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript